Елорда күніне орай 100 отбасыға азық-түлік таратылды (ФОТО+ВИДЕО)

05 шілде 2020 543 0
Оқу режимі

Осыдан сегіз жыл бұрын жамағатқа есігі айқара ашылған «Әзірет Сұлтан» мешітінің биылғы мерейтойы 100 отбасыға жәрдем қолын созған қайырымдылық шарасымен өрнектелді. Елорда күні мерекесі аясында өткізілген игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзі қатысып, «Қайырымдылық керуенін» ақ батасымен шығарып салды.

Айта кетейік, «Қайырымдылық керуені» жобасы осыдан бірер жыл бұрын Бас мешіттен бастау алып, алғашқы сапарын да Наурызбай қажы Тағанұлының батасымен бастаған болатын. Содан бері сапары үзілмеген «Қайырымдылық керуенінің» қызметі карантин режимі тұсында тіптен жанданып келеді. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан өкілдігі жанынан құрылған «Шарапат» еріктілер тобының бүгінге дейін атқарған жұмыстары да біршама.

Мереке қарсаңындағы мейірім шуағын мұқтаж жандарға жеткізуге де «Шарапат» еріктілер тобы белсене атсалысып, Елордамыздағы 100 отбасыға азық-түлік қорын үйлеріне апарып берді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру