Елорда мешіттерінде қызметтік ауыс-түйіс орын алды (ФОТО)

17 мамыр 2019 7040 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Елордамыздағы «Ақмешіт» және «Ғылмани» мешіттерінде қызметтік тағайындаулар орын алды. Жұма намазына жиылған жамағатқа жаңа қызметкерлер таныстырылып, жұмыстарына сәттілік айтылды.

Жамағатқа жақында ғана есігін айқара ашқан «Ақмешіт» мешітінің наиб имамы Қанат Алшынбаев «Ғылмани» мешітінің наиб имамы қызметіне ауыстырылды. Мешіт жамағатына «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында жұма уағызын жүргізген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары белгілі исламтанушы Хасан Аманқұлов жаңа қызметкерді таныстырып өтіп, Бас мүфти бұйрығын жеткізді.

Ал, ұзақ жылдар бойы «Ғылмани» мешітінде наиб имамдық қызмет атқарып келген Шамшиден Нұрсұлтан «Ақмешіт» мешітіне қызметке ауысты. Нұр-Сұлтан өкілдігі атынан арнайы барған «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы жамағатты Бас мүфти бұйрығымен таныстырып, дін жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру