ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНЕ «MUFTIYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

13 қараша 2025 407 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттердің дін қызметкерлеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Muftiyat» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптар таныстырылды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен кездесуде наиб имам Жұманазар Садырханов имамдарға жуырда басылып шыққан діни оқулықтар мен әдебиеттердің мазмұны мен мақсатын кеңінен түсіндірді. ҚМДБ тарапынан жарық көрген бұл еңбектердің имамдар мен жамағат үшін пайдалы рухани құрал екенін атап өтті.

Сондай-ақ, наиб имам дін қызметкерлеріне аталған кітаптардың жамағатқа дұрыс насихатталып, әр мешіттің кітап сөрелерінен орын алуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын соңында жаңа кітаптар қаладағы барлық мешіттерге үлестіріліп, әр мешіттің қорына табысталды. Бұл бастама діни сауаттылықты арттыру мен имамдардың насихаттық жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру