Елорда өкілдігі республикалық акция аясында 520 түп ағаш отырғызды (ФОТО+ВИДЕО)

23 қыркүйек 2020 3971 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүгін еліміздің барлық өкілдіктері бойынша бірдей ұйымдастырылған іргелі шара болып өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай еліміз бойынша 30 мың түп ағаш отырғызылып, саясы сан жылдарға жалғасатын сауапты іс атқарылды.

Республикалық акция аясында Елорда өкілдігі жалпы саны 520 түп ағаш отырғызып, Бас шаһардың әсемдігі мен тазалығына айтарлықтай өз үлесін қосты. Қаладағы 12 мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағаттың белсене атсалысуымен ағаштар құлшылық ордаларының аулаларына, аурухана мен мектеп, балабақша аумақтарына отырғызылып, қала көркіне көрік қоса түсті. Сауапты шараға Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдіктері мен «Астана Зеленстрой» ЖШС қызметкерлері де қолдау көрсетіп, ағаш отырғызу шарасынан басынан табылды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру