Елорда қажылары елге оралуда (ФОТО+ВИДЕО)

22 тамыз 2019 4734 0
Оқу режимі

Қасиетті қажылық маусымы аяқталып, исі мұсылман баласына бұйырылған бес парыздың бірін орындап қайтқан отандастарымыз елге оралу үстінде. Қасиетті мекенге еліміз бойынша төрт қаладан тікелей рейспен аттанған жерлестеріміздің алды ұлық сапарды аяқтап, туған жерге аяқ басып үлгерді.

Ұшып-қону рейстеріне орай қажылар легі әлі де жалғасу үстінде. Әр күн сайын әуежай ішінде қажыларымызды қарсы алу шарасы өтіп, қауышқан құшақтар мен сағынған жүректер соғысы, қажыларымыздың ақ батасы мен ыстық естеліктері орын алып келеді.

Еліміздің бас шаһарындағы Назарбаев халықаралық әуежайы да осындай жүрек тербетер жарқын сәттердің ортасына айналып, елордалық қажыларымызды құшақ жая қарсы алды. Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz ұжымы да қасиетті сапардан оралған қажыларымызды күтіп алып, батасына ие болды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру