ЕЛОРДАДА «DINTELLECT» ЗИЯТКЕРЛІК ДІНИ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

27 қараша 2025 515 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің Дін мен дәстүр бөлімі және Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен аясында «Dintellect» зияткерлік діни білім сайысы өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуезханұлы, Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елорда имамдары мен мешіт жамағаты қатысты.

Зияткерлік сайысқа қаланың түрлі мешіттерінен іріктелген 12 команда қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Қатысушыларға ереже бойынша діни, тарихи және дәстүрге қатысты арнайы дайындалған сұрақтар экраннан көрсетіліп отырды. Командалар белгіленген уақыт ішінде сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беруге тырысты.

Жарыс тартысты өтті. Әр раундта қатысушылар жылдамдық, ой ұшқырлығы және діни сауаттылық жағынан сыналды. Қазылар алқасы командалардың жауап беру дәлдігі мен командалық үйлесімділігін бағалап отырды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар ақшалай сыйлықтармен және арнайы марапаттармен наградталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың жастардың діни білімін арттыруға, мешіттер арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге және дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосатынын атап өтті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру