ЕЛОРДАДА «УАҚЫП – САРҚЫЛМАС САУАП» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

27 қазан 2022 1709 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің діни қызметкерлеріне арналған «Уақып – сарқылмас сауап» атты семинар өтті. ҚМДБ жанындағы «Уақып» қорының президенті Ардақ Нүсіпханұлы Оразбаев өткізген семинар жұмысына қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер ұжымы қатысып, уақып саласына қатысты білімдерін арттырды.

Семинар аясында Ардақ Нүсіпханұлы «Уақып» қорының жұмыс бағытымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Семинар соңында қатысушылардың сауалдарына байланысты тұшымды жауаптар қайтарылып, тақырып аясында түрлі мәселелер қозғалды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру