ЕЛОРДАЛЫҚ МЕШІТТЕР «САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ» САЙЫСЫНДА БАҚ СЫНАСТЫ (ФОТО)

10 қараша 2025 475 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ұлттық ойын түрлерінен мешітаралық «Салауатты жамағат» сайысы өтті.

Оған елордалық 14 мешіттен іріктелген командалар қатысып, садақ ату, асық ату, қол күрес, кір көтеру, ләңгі тебу, арқан тарту сынды ойын түрлерінен өзара бақ сынасты.

Жиынға қатысқан Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов сайыста белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген барша жамағатқа өз алғысын айтты. Сондай-ақ жеңімпаз командаларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етті.

Суреттерді толық «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру