Форум аясында семинар-тренинг ұйымдастырылды (ФОТО)

15 наурыз 2022 1856 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында ұйымдастырған «Жалынды жастар ынтымағы» республикалық жастар форумының екінші бөлімі семинар-тренингке жалғасты.

Форум аясында өткен семинар-тренингте IT маманы, блогер Тимур Бектұр, «Qsport» жобасының жетекшісі, кәсіби жаттықтырушы Жандос Абумуталифұлы және Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл жастарға дәріс оқыды.

Блогер Тимур Бектұр «Жастар және технология» тақырыбында әлеуметтік желілерді қолданудың қыр-сырын таныстырып өтсе, спорт бапкері Жандос Абумуталифұлы Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай...» өлеңін заманауи көзқараста түсіндірді. Ал исламтанушы Хасан Аманқұл Исламдағы діни ағымдар мен оның ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.

Семинар-тренинг соңында сұрақ-жауапқа кезек берілсе, қатысушы жастар ұсыныстарын жеткізіп, көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды.   

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру