Футбол жұлдызы Мохаммед Салахтың себебімен ислам қабылдады

18 қазан 2019 4319 0
Оқу режимі

«Мен мұсылман болғанға дейін Ислам дініне деген көзқарасым жақсы болмады. Менің Исламды қабылдауыма себепші болған «Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы Мохаммед Салах», – дейді ағылшындық футбол жанкүйері Бен Бирд.

Ол әуелі өнерімен тәнті еткен Мысырлық футболшы жайлы кеңінен зерттей бастаған. Кейін келе оның мұсылманға тән адамгершілік іс-әрекеттеріне тәнті болып Ислам дініне ерекше ден қоя бастапты.

«Мен өзімді таптым және бұл менің Мохаммед Салахтан үйренген тұсым. Мен онымен кездесіп, рахмет айтуды қалаймын», – дейді ағылшын азаматы Бен Бирд.

Сондай-ақ, ол жергілікті «Гардиан» басылымына берген сұхбатында мұсылмандықты қабылдаған соң барып жүрегі тыныштықты сезінгенін айтқан.

Дереккөз: asyldin.kz

Пікірлер Кіру