Ғұламалар кеңесінің мүшелері медресе шәкірттерімен кездесті (ФОТО)

14 февраль 2019 578 0
Оқу режимі

«Астана» медресе-колледжінде Ғұламалар кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының төрағалымен өткен Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісінің өкілдері «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті.

Алғашқы күні Ғұламалар кеңесінің мүшесі, танымал Исламтанушы ғалым, PhD доктор Мұқан Исахан шәкірттермен кездесті.

3

Кездесу аясында М. Исахан зайырлық қағидаттары, мемлекет пен діннің қатынасы, дін адамының сауаттылығы, т.б. тақырыптарда дәріс оқып, өзінің тәжірибелерімен, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

9

Соңында шәкірттер сұрақ қойып, көкейлерінде жүрген, өздерін толғандырған мәселелер жайында тұщымды жауап алды.

18

Аталған мәжілістің соңғы күні ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі исламтанушы ғалым, PhD доктор Батыржан Мансұровпен кездесу өтті.

4

Ұстаздар мен шәкірттер қатысқан кездесу аясында Б. Мансұров білім алудың өзінідік әдіс-тәсілдері, білім алушылардың тұлғалық қасиеттері жайында сөз қозғады. Ұзақ жылдар дін саласында әр түрлі жауапты қызметтер атқарған Батыржан қажы жан-жақты қарым-қабілеті бар білікті маман, михрабтың сауатты имамы, талантты шәкірт тәрбиелейтін ұстаз болудың қыр-сыры жайында да баяндап берді. Сонымен бірге ұзақ жылдық діни саладағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, шәкірттерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

6

Кездесулерді «Астана» медресе-колледжінің директоры Ибраһим қажы Сматаев жүргізді.

1

Осылайша, Астана төрінде өткен  Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІ мәжілісіне қатысқан кеңес мүшелері шәкірттерге де мол рухани азық сыйлап, өздерінің бай тәжірибесінен баһра ұсынды. Ал, шәкірттер жүрегінде «Ылайым, Алла разы болсын» деген алқаулы лепес қалды.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру