«Ғылмани» мешітінде донорлық акция өтті (ФОТО)

16 қаңтар 2020 3472 0
Оқу режимі

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Республикалық қан орталығымен бірлесіп донорлық акциясын өткізді, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Бүгінде донор тапшылығы көптеген науқастарды қиындыққа ұшыратады. Қасиетті Құран Кәрімнің «Мәйда» сүресінде науқас жанға қол ұшын созып, көмектесудің сауабы  «Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең» түсіндіріледі. Қоғамның мұқтаждығын ескерген мешіт ұжымы осы бір сауапты шараға үнемі ат салысып келеді.

Алдын-ала жасалған насихат жұмыстарының нәтижесінде, бүгін мешітке келген Қан орталығы мамандарына өтініш білдірген қайырымды жандардың қатары аз болған жоқ. Мешіт ұжымы өздері бастап қайырымдылық шарасына белсене кірісті.

Салауатты өмір салтын ұстануды назарда ұстаған акция аясында 60-қа жуық  мешіт жамағаты мен қала тұрғындары қан тапсырып, қайыры мол іске атсалысты.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру