Имамдар мерекелік жиынды онлайн тамашалады (ФОТО)

26 қараша 2020 2779 0
Оқу режимі

Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы діни институттардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны еліміздің имам-ұстаздары онлайн тыңдады.

ҚМДБ-ның аймақтардағы өкілдіктері мен Діни басқармаға қарасты мекемелер қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференцияны бастап-аяқ тыңдап, жиында айтылған ой-пікірлерді мұқият тыңдады.

Әсіресе Діни басқарманы әр жылдары басқарған бас мүфтилер Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және қазіргі ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бір үстел басына жиылып, тізе қосып, жалынды пікір айтқаны дін қызметіндегі әрбір азаматты рухтандыра түсті.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру