Имамның отбасы «Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқыды (ФОТО)

14 маусым 2019 8793 0
Оқу режимі

«Тұлпар мініп ту алған» эстафетасын жырау Қоныс ағамыздың отбасынан алып, әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаров және қазақ радиосының танымал дикторы Мұхаммедали Болатұлының отбасыларына жолдадық деп жазады «Әзірет Сұлтан» мешітінің  наиб имамы Қуат Ерғалиұлы өзінің Facebook парақшасында.

«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау Республика бойынша 6-10 сынып оқушыларының арасында өтеді. Қатысушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, сұрақтарға жауап береді. 

 

Дереккөз: kazislam.kz

Пікірлер Кіру