«Иман» журналына жазылыңыз!

07 қыркүйек 2018 8369 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2019 жылға жазылу басталғанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға басталғалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 18 жыл бойы жазылу бағасы бір деңгейде сақталды. Енді біршама қымбаттауға мәжбүрміз. Өз мекенжайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке барып жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 3 000 теңге. Журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. Былтырдан бастап үш айға немесе жарты жылға жазылу қабылданбайтын болды. Тұтас бір жылға жазылу қажет.

Алматы қаласы тұрғындары басылым редакциясына келіп жазылып, оны алуына болады. Бұл мүмкіндікті пайдаланыңыз. Басқа қалада тұратын оқырмандар «Иман» журналына жазылу бағасын «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен біліп, жазыла алады.

Құрметті оқырман! Өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепкер болыңыз!

Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады:

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ.
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р/С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: 8 (727) 397-63-84, 397-63-91, +7 778 948 74 10

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру