«Инабат» клубы әйел-қыздарға шеберлік сыныбын өткізді (ФОТО)

21 ақпан 2020 5070 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы мешіттің әйел жамағатына арнап әдеттегідей пайдалы шеберлік сыныбын ұйымдастырды. 

Мешітке арнайы шақырылған арт-терапевт, флорист маман Әсел Жүмекова «Гүл – Жаратушының сыйы» тақырыбында шеберлік сағатын өтіп, өз білгендерімен бөлісті. 

Нәзік жандылар қауымы сыйлық ретінде ұсынуға болатын гүл шоқтарын жасаудың қыр-сырларымен танысты. Клуб мүшелері кеш соңында мешіт қонағына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. 

 

Пікірлер Кіру