Хиджабтағы сатушы қыз атақты журналдың мұқабасынан орын алды

03 маусым 2020 5327 0
Оқу режимі

Әлемдік деңгейдегі Vogue журналының осы жолғы нөмірінде сыртқы беті коронавирус пандемиясы кезінде ерекше еңбек белсенділігін танытып, «алғы шепте» жан аямай қызмет жасаған нәзікжандылардың суретімен безендіріліп шықты.

Олардың қатарында акушер Рейчел Миллар, поезд жүргізушісі Наргис Хорсфорд және сатушы Аниса Омар бар. Журнал мұқабасына белгілі фотограф Джейми Хоуксворттың назарына іліккен бұл қыз-келіншектер қиын шақтарда ауру жұқтырудан қорықпастан, еңбек майданында ерекше ерліктер көрсеткен.

Соладың бірі – Аниса Омар Лондондағы Кингс Кросс вокзалындағы супермаркетте сатушы болып қызмет жасайды. Шариғат шәлісін оранған Аниса өзінің сұхбатында: «Сондай кездерде халыққа пайдам тиетін қызметкер болғаныма қуанамын», – дейді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру