КӨКТАЛ МЕШІТІ: НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ (ФОТО)

22 наурыз 2023 1856 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Көктал» мешітінде «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік кеш өтті. Мереке «Көктал» мешітінің бас имамы  Сабит Ережеповтың құттықтау сөзімен басталды. Ақсақалдар жастарға өздерінің жылы лебізін білдіріп, дәстүрлі мерекенің маңыздылығын атап өтті.

Мешіт алаңына киіз үй тігіліп ақсақалдар бата берді. Жастар арасында арқан тарту, қол күрестіру сыңды ұлттық ойындардан жарыс өтіп, викториналық сұрақтар қойылды. 
Меркеде мешіт шәкірттері күй тартып, халыққа жақсы көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, келген қонақтарға мешіт атынан наурыз көже мен палау таратылды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру