«КӨКТАЛ» МЕШІТІ: ЗАҒИПТАР КІТАПХАНАСЫНДА МӘУЛІТ КЕШІ АТАЛЫП ӨТТІ (ФОТО)

18 қыркүйек 2025 1024 0
Оқу режимі

Астана қаласының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында тағылымды рухани кездесу өтті.

«Көктал» мешітінің ұстазы Хурсанд Бердімұрат жиынға арнайы шақырылып, «Мәуліт айының қасиеті» тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат жүргізді. Ол Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезін үлгі етіп, мұсылман қауымы үшін мәуліт айының мән-мағынасына тоқталды.

Кездесу соңында кітапхана ұжымы мен қатысушылар алғыстарын білдіріп, осындай мазмұнды шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

Айта кету керек, Астана қаласы өкілдігі «Көктал» мешітінің ұйымдастыруымен аталмыш орталықта көптеген қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру