КӨКТАЛ МЕШІТІНДЕ «ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

16 қыркүйек 2025 1052 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Көктал» мешітінде «IQLAS» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» тақырыбында тағылымды семинар өтті.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы қатысып, отбасының маңызы мен ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы жөнінде насихат айтты. Ол отбасы институтының қоғамдағы рөліне тоқталып, жас отбасыларға тәрбиелік мәні зор кеңестерін жеткізді.

Семинар барысында қатысушыларға рухани құндылықтарды сақтап, ұлттық дәстүр мен ислам дініндегі отбасыға қатысты қағидаларды күнделікті өмірде қолданудың жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ әйел-ананың жауапкершілігі мен болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі орны да кеңінен сөз болды.

Іс-шара соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру