«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ ҚМДБ БЕКІТКЕН ТӨРТ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

24 қазан 2025 919 0
Оқу режимі

«Көктал» мешітінде құптан намазының алдында жамағатпен кездесу ұйымдастырылып, мешіт ұстазы Бердімуратов Хурсан жамағатқа ҚМДБ бекіткен төрт маңызды құжатты таныстырды.

Кездесу барысында ұстаз аталған құжаттардың мазмұны мен мақсатын егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың дін қызметі мен жамағат өміріндегі рөлін атап өтті. Жамағатқа құжаттардағы негізгі бағыттар мен талаптар жөнінде толық ақпарат беріліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.

Сонымен қатар, кездесуде діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндірме әңгімелер өткізіліп, насихат жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында ҚМДБ бекіткен төрт құжаттың көшірмелері жамағатқа таратылып берілді. Бұл бастама жамағат арасында құжаттардың мазмұнын кеңінен насихаттап, олардың талаптарын күнделікті өмірде дұрыс қолдануға ықпал ету мақсатында жүзеге асырылды.

Пікірлер Кіру