КӨЛІК КЕПТЕЛІСІНДЕ ҚАЛҒАН ЖАНДАРҒА СУ МЕН ҚҰРМА ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

21 наурыз 2024 595 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ақмешіт» мешітінің ұжымы аялдамаларда және қала көшелерінің кептелісінде тұрып қалған жандарға ауызашар болсын деген ниетпен су мен құрма таратты.

Ақшам намазының уақыты жақындап, ауыз ашатын мезгілге таяп қалғандықтан осы бір игі шара «Шарапатты Рамазан» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Рамазан-2024» бағдарламасы аясында Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде түрлі игі шаралар ұйымдастырылып келеді.

Возможно, это изображение 5 человек, вагонетка, улица и текст

Возможно, это изображение 10 человек, улица и текст

Возможно, это изображение 4 человека, люди стоят, телефон, поезд и текст

Возможно, это изображение 4 человека

 

 

Пікірлер Кіру