Мадина қаласында қажылар мінген автобус өртеніп кетті

30 шілде 2018 8106 0
Оқу режимі

Қасиетті Мадина қаласында қайғылы оқиға орын алды. Түрік елінің қажылары мінген автобус жол апатына ұшырап, көліктің түгі қалмай жанып кеткен.

Сауд Арабиясының баспасөз құралдары таратқан ақпаратқа сәйкес, қажылар мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысқан. Жол апаты кезінде қос көліктің де жүргізушілері оқиға орнында қайтыс болған. Автобус есіктері автоматты түрде ашылып, қажылар автобус жарылмай тұрып сыртқа шығып үлгерген. Дегенмен, бес адамнң түрлі дене жарақатын алғаны айтылады.

Болжам бойынша, жол апатының орын алуына Мадина қаласындағы құм боранының әсері болған.

Пікірлер Кіру