МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

28 қаңтар 2023 2658 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана өкілдігі мен «Астана» медресе-колледжі бірлесе  отырып медресе студенттері арасында Құран жарысын өткізді. Аталған жарысты  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы ізгі тілегін арнап ашып берді.

Мешітте білім алып жатқан шәкірттердің білімін тексеру мақсатында өткен бұл сайыс екі аталым бойынша жүргізілді. Атап айтсақ, Құранның 5 парасын жән 30-параны жатқа айту.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар  берілді. 

Сайыс нәтижесі:

«30-параны жатқа оқу» аталымы бойынша:

1-орын – Уалихан Нұрмағанбет

2-орын – Отарбай Айтөре

3-орын – Тлеуқұл Жанәділ

«5 параны жатқа оқу» аталымы бойынша:

1-орын –  Абад Ердос

2-орын – Бейсемханұлы Асылбек

3-орын – Ахметов Мейіржан

Айта кетейік, аталған шара «Астана» медресесі жанындағы  «AQ MESHIT» мешітінде өтті.

Суреттер топтамасын "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру