Меккеге биылғы жылдың алғашқы қажылары келіп жетті

10 шілде 2019 99 0
Оқу режимі

Мұсылман үмметіне бұйырылған бес парыздың бірі – қажылық жасау үшін Сауд Арабиясы жеріне алғашқы қажылар тобы да келіп жетті. Қасиетті мекенге алғашқы болып Бангладеш мемлекетінің 301 азаматы аяқ басты. Жидда қаласындағы Абдулазиз король атындағы әууежайға келіп түскен олар биылғы жылдың алғашқы қажылары болып отыр.

Айта кетейік, қажылық маусымы тамыз айының 8-14 аралығында басталатын болмақ. Saudi Gazette басылымының мәліметі бойынша, Сауд Арабиясына ерте келген азаматтар 12-шілдеге дейін Мадина қаласында тұрақтайтын болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру