МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)

02 маусым 2023 2000 0
Оқу режимі

Бүгін жылдағы үрдіс бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінде мектеп бітіруші түлектерге арналған рухани кездесу кеші өтті.  Кездесуге Қалалық білім басқармасының қолдауымен елорда мектептерінен ерікті түрде 1000-ға жуық түлек қатысты. Алтын ұя мектеп қабырғасынан түлеп ұшып өмір айдынына қанат қаққалы отырған жас түлектерімізге  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы насихат айтып, қадамдарына сәттілік тіледі. Қобалжыған бала көңілдерге сенім білдіріп, жас түлектерді Отанымыздың ұлтжанды азаматтары болып өсуге үндеді.

Үлкен өмірге деген алғашқы қадамдарын Алланың үйінен бастап, үлкендердің ақ батасын алуға асыққан жас түлектерге Астана қаласы ақсақалдар алқасының мүшесі Еркін Тәуешұлы, психология ғылымының кандидаты Алмат Сәбитұлы да насихат айтып, өз құттықтауларын білдірді.

Сондай-ақ, оқушыларға пайдалы кеңестер мен жат ағымнан сақтану жолдары көрсетілген парақшалар таратылды.  Кешке қатысқан мектеп мұғалімдері мен ата-аналар рухани кештің жан-жақты пайдалы болғанын айтып, алғыстарын білдіруде.

Алланың кәләмы Құран аяттары оқылған рухани кеште ҚМДБ Төрағасы мектеп бітірушілердің болашағы жарқын болсын деп дұға етті.

Суреттер топтамасын "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру