Мешіт тазалықшысына кіші қажылыққа жолдама берілді (ФОТО)

11 наурыз 2022 3565 0
Оқу режимі

Бүгінгі қасиетті жұма Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұзақ жылдар бойы тазалықшы болып қызмет атқарып келген Ұмсын Тұрбашова үшін ерекше қуанышты күн болды. Ұмсын апайдың ұзақ жылдар бойы құлшылық ордасының сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, бас имам Руслан Байзақовтың ұйымдастыруымен демеушілер есебінен кіші қажылыққа жолдама берілді.

Жұма намазынан кейін бас имам мен мешіт ақсақалдар алқасы арнайы сертификатты табыстады. Ақсақалдар ақ батасын беріп, сәт сапар тілдеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру