МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

06 қазан 2025 843 0
Оқу режимі

«Aq meshit» мешітінде өткен жат ағымнан сақтандыру бағыты бойынша семинар жамағат арасында жалғасын тапты. Құптан намазының алдында дастархан басында жамағатпен өткізілген кездесуде Ислам дініндегі адасқан ағымдар жайлы кеңінен уағыз-насихат айтылды. 

Жиында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы мен Астана қаласы өкілдігі бойынша Діни оңалту бағытына жауапты маман Рақымқазы Қабдысалым лекция оқыды.

Дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабының ұстанымдары мен теріс бағыттағы ағымдардың белгілері, олардың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зияны нақты мысалдармен түсіндірілді. Сондай-ақ, жастардың жат ағым ықпалына түспеуі үшін діни білімді дұрыс қайнар көздерден алу қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, теріс ағымнан сақтанудың жолдары баяндалды. Жамағат өкілдері тақырыпқа қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру