МЕШІТ ЖАСТАРЫНА ҚМДБ-ҒА ҚАРАСТЫ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

01 қыркүйек 2025 921 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жастарға Діни оқу-ағарту бағыты бойынша танымдық кездесу өтті. Іс-шара барысында мешіт шәкірттеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медреселер мен ислам институттары кеңінен таныстырылды.

Кездесуде діни оқу орындарының білім беру жүйесі, оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары мен талаптары жайлы жан-жақты мағлұмат берілді. Сондай-ақ шәкірттерге діни салада білім алудың артықшылықтары, заманауи мүмкіндіктері және болашақта қол жеткізетін кәсіби бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмұд Қасым арнайы дәріс өткізіп, ҚМДБ-ға қарасты медреселер мен институттарда дін ілімімен қатар зайырлы пәндердің де оқытылатынын атап өтті. Ол шәкірттерге сапалы діни білім алудың маңызы жайлы кеңінен түсіндіріп, жастарды ғылымға, ізденіске және асыл дінімізді дұрыс үйренуге шақырды. Жиынға қатысқан жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру