Министр «Нұр Астана» мешітінде ауызашар берді (ФОТО)

17 мамыр 2019 4912 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мырза ауызашар дастарқанын жайды.

Жылда ауызашар дастарқандарында ел ағалары, іс басында жүрген асыл азаматтар да халықпен бірге болып, жұртшылықтың арасына келіп, ораза ұстаушылар мен қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға арнап ауызашар беріп көптің алғыс-батасын алып жатады. Халықтың ықыласына бөленіп жүрген министр өзі бас болып биыл да осы үрдісті жалғастырды.

«Нұр Астана» мешітінде жиналған халыққа ауызашар дастарқанын жайған министр мырза халықты қасиетті аймен құттықтады. Сонымен бірге, халқымыздың тыныштығы мен елдің тұтастығы жайында ой қозғап, тыныштықтың ең үлкен жақсылық екенін тілге тиек етіп, халықты әрдайым ауызбіршілікте болу жайында салиқалы ойларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Астана» мешітінде ай бойы күнделікті 400 адамға ауызашар берілуде. 

1

1

1

1

1

1

1

1

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру