Наиб мүфти ауғандық имаммен сұхбаттасты (ФОТО)

10 қазан 2019 125 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы Ауғанстаннан келген имам Мұхаммед Захирмен кездесті.

Басқосу барысында Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сан-салалы бағыттағы жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, мейманды қазан айында өтетін ІІІ республикалық имамдар форумы туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Мұхаммед Захир Бас мүфти Серікбай қажы Оразға айрықша алғысын жеткізіп, Қазақстан еліне ерекше құрметін білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру