Наиб мүфти таеквандо федерациясы президентімен кездесті (ФОТО)

21 қазан 2021 3617 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы өкілдігінде наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев Таеквандо федерациясының президенті Исатай Кабековпен кездесті.

Кездесуде салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жастарды спортқа баулу, сонымен қатар мешіт жамағатымен спорттық шаралар өткізу жоспары талқыланды. Өз кезегінде Исатай Шотжанұлы Кенжеәлі Мырзабаевты жаңа қызметімен құттықтап, алдағы уақытта Діни басқармамен екіжақты келісім негізінде іс-шаралар өткізуге уағдаласты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру