Наурызбай қажы Тағанұлы байқау қазыларымен сұхбаттасты (ФОТО)

18 қыркүйек 2020 2865 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Мұнара» газеті жариялаған шығармашылық байқау қазылары – белгілі журналист, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, ардагер журналист Жанболат Аупбаев, Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлымен кездесті.

Басқосуда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының ел аумағында атап өтілуі, қазақ журналистикасының жай-жапсары мен еліміздегі діни жағдай төңірегінде әңгіме өрбіді. Бас мүфти өз сөзінде қаламгерлер қауымының ерен еңбегін жоғары бағалап, ел ағаларының ұсыныс-тілегін тыңдады. Сондай-ақ жүздесуде «Мұнара» газеті жайлы жылы пікірлер айтылды.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мұнара» газеті жыл басында авторлар мен оқырмандар арасында шығармашылық байқау жариялаған болатын. Өздеріңіздің қазылық етулеріңізбен байқау жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды. Абай атамыздың шығармашылығын тереңнен таразылаған барлық байқау қатысушыларына алғысым шексіз»,– деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде қаламгерлер Діни басқарма жұмысын жоғары бағалап, ҚМДБ бастамаларына қашан да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру