«Нұр Астана» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

14 қазан 2020 2964 0
Оқу режимі

Елордадағы «Нұр Астана» мешітінде Әбдірахпан (Әбдеш) қажы Іңкәрбекұлының рухына бағышталған қайырымдылық шарасы өтті.

Ас та төк дастархан жайып ысырап етпей, орнына әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың алғысын алуды ниет еткен азаматтар «Нұр Астана» мешітінің ұжымымен бірлесіп қайырымдылық жасады. Санитарлық талаптарға сай өткізілген шараға алдын-ала тіркелген 30 отбасы шақырылды.

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Берікбол Жанақ оларға ізгі амалдың мән-мағынасы мен сауабын түсіндірді. Риза болған мешіт жамағаты алғыс айтып, тарқасты.

Қайтқан кісінің артынан ізгі амал істеп, сауабын бағыштау – артында қалған ұрпаққа сын. «Өлілерді разы ету үшін» тірілерге қолғабысын тигізу керектігін түсінген азаматтар қатары көбейіп келе жатқаны қуантады.

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру