Нұр-Мүбәрак университетінде үш күндік курс басталды (ФОТО)

15 қаңтар 2020 4995 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Текесбаева Анар Молдақынованың жетекшілігімен «Практикалық сабақтарды ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында 3 күндік курс басталды.

72 сағаттан тұратын курс мақсаты – жоғары оқу орындарында семинар, практикалық сабақтарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету.

Курсқа университеттің «Араб және ағылшын тілдер» кафедрасы мен «Исламтану» және «Дінтану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. «Араб және ағылшын тілдер» кафедрасының оқытушыларынан Әсем Ақшолақова, Данель Қарағойшиева, Тохтар Мұхтаров, Динара Кушахметова, Шынар Бақтиярова, ал «Исламтану» кафедрасының профессор-оқытушыларынан PhD докторнаты Ризабек Батталұлы, Жұматаев Әбілхайыр, Уйсембаев Бейбіт, Сейитмаматов Нұрлан, Илесбеков Бижан, Алпыспаев Ерғали, сондай-ақ «Дінтану» кафедрасынан PhD Дүйсенбаева Альбина, Базар Хамзеева, Ермұхамет Мажитұлы, Б.Абдилхаким, Түсіпхан Имамади, Арайлым Әбубәкірова болды.

Одан өзге курсқа жетекшілердің қатарынан Қазақ Ұлттық қыздар педагогигалық университеті Біліктілікті көтеру және қосымша білім беру институтынан Хамзина Камеш қатысты.
Курс барысында семинар сабақтарды жүргізудегі әдістемелік жолдар ұсынылып, Блум таксономиясы мен Эйзенхауэр матрицасына тоқталды. Алғашқы дәрісте ақпаратты білу, түсіну, қолдану, анализ жасау, синтездеу, бағалау әдістері түсіндірілді.

Пікірлер Кіру