Нұр-сұлтан қаласының әкімі құттықтау хат жолдады
13 сәуір 2021
3916
0
Оқу режимі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын айлардың сұлтаны Рамазан айының кіруімен құттықтап, хат жолдады.
«Халқымызға тән құндылықтар – мейірімділік, бірлік және қайырымдылықтың мағынасы осы қасиетті айда айқын сезіледі. Ел ынтымағын нығайту, рухани келісімін қалыптастыру және мәдени-ағарту саласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еңбегі еселі. Атқарған істері іргелі.
Рамазан айында жасаған игі істеріңіз еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілеймін» делінген құттықтау хатта.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру