Оқырмандар үшін «Қажылық парақшасы» ашылды

10 шілде 2019 5284 0
Оқу режимі

Мұсылман баласына бұйырылған бес парыздың бірі – қажылық маусымына да аздаған күндер қалып отыр. Исі мұсылман баласын өзіне тартып, ынтықтырған Мекке мен Мадина шаһары, қасиетті Қағба, Арафат тауы, Сафа мен Мәруа жоталары, Муздалифа мен Мина жазығы енді санаулы күндерден сан милллион жанға толып, қажылық маусымы басталмақ.

Осыған орай, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайты өз оқырмандары үшін арнайы «Қажылық парақшасын» іске қосып отыр. Парақша бетінде қажылық рәсімдеріне қатысты барлық сұрақ-жауаптар, мақалалар мен қажетті кеңестер жарияланып отыратын болмақ. Қасиетті мекенге жолыңыз түссе, қажетіңізге жарары сөзсіз.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру