«ПӘТУА САҒАТЫНДА» ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

12 мамыр 2023 1660 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты мешіттерде әр жұма сайын «Пәтуа сағаты» өткізіліп келеді. Жұма намазынан кейінгі кезекті уағызда ҚМДБ ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар негізінде қаржы мәселелеріне қатысты үкімдер жамағатқа таныстырылды.

Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» мешітінде, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті, «Әл-Фаттах», «Әс-Сәләм», «Әл-Ғани», «AQMESHIT» және «Рақымқызы Раиса ана» мешіттерінде аталған тақырып бойынша пәтуа сағаты өтіп, жамағаттың сауалдарына жауап берілді. Мешіт имамдары алдымен, шариғатқа сай кәсіппен айналысу туралы уағыз-насихатын айтты. Сондай-ақ, жалпы шариғи мәселелер бойынша, әсіресе, саудадағы алыс-беріске қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, жамағатқа тың ақпараттар жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру