ПРЕМЬЕРА: ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚҰРАН ЖАЙЛЫ ҚОЙЫЛЫМ

17 қараша 2023 1418 0
Оқу режимі

Қазақ театр сахнасында тұңғыш рет «Құран - мәңгілік махаббат» қойылымы ҚМДБ Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында көрермен назарына ұсынылмақ.

Нұр-Мүбарак мешітінің ұстазы, PhD докторант Жанат Алдиярдың «Мәңгілік махаббат» кітабы негізінде сахналанатын қойылым барысы дүниенің сан сауалына жауап іздеген шәкірттің шытырман оқиғасымен өрбиді. Білімді жүрекке бағындырған ұстаз қараңғыдан жарыққа нұсқап, тұншыққан ойдан құтылуға жол сілтейді. Жарық жол - әрине Құран...

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары, 18-ҚАРАША сағат 17:30-да алғаш рет сахна төрінде көрсетілетін Қасиетті Құран жайлы қойылымнан қапы қалмай, қолдау білдіруге шақырамыз! Театрда жүздескенше! Билеттер М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры кассасында сатылымда бар.

Сондай-ақ, егер басқа қалада болсаңыз, тікелей эфирге ютуб желісі арқылы қосылып, ғажайып қойылымды тамашалауға мүмкіндігіңіз бар, ол үшін сілтемеге өтіп билет алу керек  Сілтеме  https://wa.me/77010548800

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру