«Қағанат» асханалар желісі сертификатын жаңартты (ФОТО)

20 ақпан 2020 4709 0
Оқу режимі

«Қағанат» асханалар желісі сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты сертификатын қайта жаңартты.

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Қағанат» асханасы басшылығына «ҚМДБ халал» сертификатын арнайы табыстады.

С.Сейтбеков күллі мұсылман қауымы үшін адал ас ұсыну мен дайындаудың жауапкершілгі мол екендігін айта кете, «Халал Даму» мекемесінің өңірлердегі жауапты өкілдері ай сайын тұрақты тексеріс жұмысын жүргізетінін ескертті.

«Компания Қағанат сервис» ЖШС-нің Алматыдағы 20 желісі, Нұр-Сұлтандағы 3 желісі, Қарағандыдағы бір асханасы, жалпы саны 24 желісі 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарына сәйкес сертификатталды.

Өңірлік бақылаушы-инспекторлардың қадағалауы мен технологтардың бақылауындағы «Қағанат» асханалар желісінің өнімдері толықтай «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына сай.

 

Дереккөз: Халал өнімдерін сертификаттау бөлімі

Пікірлер Кіру