ҚАЛА БАС ИМАМЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

30 тамыз 2025 1090 0
Оқу режимі

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата Заң – Тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елорда имамдары қатысып қайтты. Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы, діни бірлестіктер мен олардың жастар қанаты, сарапшылар мен академиялық қауымдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының конфессияаралық келісімді, азаматтық бірегейлікті және құқықтық мәдениетті нығайтудағы рөлін талқылау.

Жиында қала Бас имамы ата заңымызға деген құрмет пен конфессияаралық татулық, ел бірлігі тақырыбында жасаған баяндамасында: «Бүгінгі жиын – еліміздің негізгі Заңының тарихи мәнін, оның қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтағы рөлін терең ұғына отырып, дін өкілдері мен жастардың үнқатысу алаңына айналып отыр. Бұл – аса маңызды. Өйткені, дін мен мемлекет, руханият пен заң бір-бірінен бөлек ұғымдар емес, қайта бірі екіншісін толықтырып, қоғамның үйлесімді дамуына жол ашады», деп атап өтті.

Жиын соңында елорданың дін қызметкерлері Астана қаласының Ұлттық музейіне экскурсия жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру