ҚАЛА БАС ИМАМЫ СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ МЕШІТІНЕ БАРДЫ (ФОТО)

20 мамыр 2024 710 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың ұйымдастыруымен қаладағы Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінде Астана имамдарының жиыны болып өтті.

Басқосуда өкілдікке қарасты бүкіл мешіт құжаттары тексерілді. Сондай-ақ өкіл имам ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тарапынан бекітілген жұмыс жоспарындағы «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары аясында белсенді болуға шақырды.  

Жиын соңында бас имам өкілдікке қарасты дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

7 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

 

Пікірлер Кіру