ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

10 сәуір 2023 2316 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айында «Ырыскелді қажы» мешітінің ұйытқы болуымен  Малотимофеевка елді-мекеніндегі қарттар үйінде кешкі (ауызашар) дастарханы жайылды.  100 шақты қария жиналған дастархан басында Елорда бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмаилов қазақ және орыс тілдерінде уағыз-насихат айтты.

Қарияларға кішігірім сыйлықтар беріліп, ғибратты әңгімелер айтылды. Өкіл имам басшылық құраммен кездесіп, қарттар үйінің  тыныс тіршілігімен танысып қайтты.  

Бүгінгі игі шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрақты түрде уағыз-насихат айтылып тұратын болады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру