Қасиетті жұма күні қайырымдылық жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

04 қазан 2019 342 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мейірімділік мекені» атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Бас мешіттің шәкірттері мен жамағатынан құрылған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан жәрмеңке саудасы бұл жолы да қыз-қыз қайнап, жамағаттың ризашылығына бөленді.

Тәтті тағамдардың түр-түрін жайнатып, жамағатты жылы шыраймен қарсы алған «Инабат» клубының қыз-келіншектері сауапқа толы сауданы қыздыра түсті. Қолдан дайындалған тәтті тағамдармен қоса, жамағатқа рухани кітаптар, дәрілік майлар мен қосындылар, түрлі әшекей заттар мен киім-кешектер де ұсынылып, жәрмеңке саудасын жан-жақты жүргізілді.

Айта кетейік, қалыптасқан дәстүрге сай жәрмеңкесден түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болмақ.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру