Қазақстандық қажылар Арафат аймағына жетті (ФОТО)

11 тамыз 2019 82 0
Оқу режимі

Қажылықтың екінші парызы болған Aрафатта тұру үшін бүгін қазақстандық қажылар аталған аймаққа келіп жетті.

Өйткені мұнда бір сәт тұрмаған адам қажылығын өтемеген болып саналады. Осылайша 3200 қажы Aрафат жазығында Алладан елімізге тыныштық, отбасына амандық сұрап дұға етті. Оның үстіне бүгін Меккеде жаңбыр жауып, парызын өтеушілер ерекше қуанды. Өйткені мұндай құбылыс қасиетті жерде сирек болады екен. Бүгін Aрафатта дұға жасаған отандастарымыз ақшам намазына дейін осы жерде отырады.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру