Қажылығын өтеген 400 отандасымыз елге қайтты (ФОТО+ВИДЕО)

19 тамыз 2019 4357 0
Оқу режимі

Сауд Арабия уақытымен түнгі сағат 02*00-де қажылығын өтеп болған 402 отандасымыз елге аттанды. Джидда-Алматы бағытындағы рейсті Корольдікке тиесілі Flynas әуекомпаниясы орындайды. Қажыларды Джидда қаласындағы әуежайдан Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Алау Әділбаев, төраға орынбасары Ғылымбек Мәжиев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Досымжан Нұрбаев пен ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов ресми түрде шығарып салды. Мекке қаласынан миссияны әуежайға арнайы бастап келген Алау Шайқымұлы қажыларымызға сәт сапар тілеп, жасаған құлшылықтарыныңыз қабыл болсын деп дұға етті. Қажыларымыздың да көңілі көтеріңкі, парызын аман есен өтегендеріне қуанып бара жатқаны байқалды. Енді Джидда мен Мадина қалаларынан күн сайын елімізге отандастарымыз бекітілген кесте бойынша ұшады.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру