Қажылық мәселелеріне арналған жиын өтті (ФОТО)

08 тамыз 2019 4698 0
Оқу режимі

Биылғы қажылықты ұйымдастыру мен үйлестіруге байланысты Мекке қаласында алқалы жиын өтті.

Аталған шараға Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Алау Әділбаев, Қазақстанның Жидда қаласындағы Консулдығының басшысы Талғат Шалданбай мырза, ҚМДБ Аппарат басшысы, миссия төраға орынбасары Ғылымбек Мəжиев, Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Досымжан Нұрбаев, қажылық компанияларының жетекшілері, жолбасшы (гид) мамандар мен имамдар қатысты. Жиында негізінен талқыланған мәселенің бастылары – қажылыққа дайындық барысы, парызын өтеушілердің уақытылы ұшып-қонуы, қонақүйлерге тасымалдайтын көлікпен қамтылуы, жат ағымдардан сақтану жолдары және жолбасшы гидтердің діни білімінің болуы да негізгі талап болмақ.

Ресми жиналысты ашқан наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Алау Шайқымұлы фирма жетекшілеріне мүфтият пен Қажылық министрлігінің талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігін жеткізді.

Өз кезегінде Консулдық басшысы Талғат Рахымқұлұлы қажылық сапарының ұйымдастыру жұмыстарына елшілік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы фирма жетекшілері мен имамдарға жат ағымды насихаттайтын тұлғалардың уағыз айтуына жол бермеуді тапсырды.

Жиын соңында Қажылық миссия басшылары фирма жетекшілері мен имамдарға тиісті тапсырмалар берді.

 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру