ҚМДБ Әйел-қыздар секторына жаңа меңгеруші тағайындалды (ФОТО)

10 наурыз 2022 2312 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Уағыз-насихат бөліміне қарасты Әйел-қыздар секторының жаңа меңгерушісі тағайындалды. 

«Динара Нұрғалиева Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы қызметінен босатылып, ҚМДБ Уағыз-насихат бөліміне қарасты Әйел-қыздар секторының меңгерушісі болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында. 

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Динара Құтқожақызын аймақтағы Әйел-қыздар секторына жауапты ұстаздарға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар сектор қызметін жаңа деңгейге көтеріп, игі іс-шараларға ұйытқы болуды тапсырды. 

Бас мүфти бұған дейін сектор жұмысына жауапты болып келген Ақбөпе Қанатқызына алғысын жеткізіп, осы саладағы көп жылдар бойы атқарған жауапты да сауапты қызметі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру