ҚМДБ Орталық аппараты қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды

11 шілде 2020 384 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ауыр індетпен күресіп жатқан еліміздегі медициналық мекемелерге желдеткіш құралдарын (ИВЛ) алу мақсатында «Зекет қоры» «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастаған болатын.

Бас мүфтидің осы бастамасын ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлері қолдап, науқас жандарға қиын сәтте демеу көрсету мақсатында «Зекет қорының» «Өмірге үміт сыйла» акциясына бір күндік жалақысын аударды.

«Өмірге үміт сыйла» акциясына ҚМДБ-ның барлық мешіттері атсалысып жатыр. Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкерлер мен қайырымды жандарды осынау шараға үлес қосуға шақырамыз.

Алла Тағала ел-жұртымызды жұқпалы індеттен сақтап, бақ-береке бергей!

Пікірлер Кіру