ҚМДБ төрағасы мен Мысыр елшісі имамдарға сертификат табыстады (ФОТО)

05 қазан 2021 3789 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал Ехия әл-Шиннауи ханым имамдарға сертификат табыстады.

Салтанатты іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақстан және Мысыр Араб Республикасы арасында бағзы заманнан қалыптасқан тарихи байланыс бар. Аллаға шүкір, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи байланысымыз тәуелсіздік алған жылдардан бастап қайта жаңғырды. Бүгінде Мысырдың Уақып министрлігімен, әл-Азһар университетімен, Пәтуа беру орталығымен әріптестік байланысымыз нығайып келеді. Мысырға барған сапарымда Қазақстанға бөлінетін білім грантын екі есеге ұлғайту туралы ұсыныс айттым. Әл-Азһар университеті бұл ұсынысымды қабыл алып, қолдау білдірді. Бұл еліміздегі барша дін қызметкерлері үшін үлкен тарихи жаңалық болды», – деп атап өтті.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының әл-Азһар университеті арасындағы екіжақты келісімге сәйкес, қазақстандық имамдар үшін 2 айлық онлайн-курс ұйымдастырылған болатын. Онлайн курста білімін шыңдаған 14 имам Мысыр елшісінің қолынан сертификат алды.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру